«Қазгидромет» ескертеді

478

0

«Қазгидромет» еліміздің 5 облысы аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

12-14 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде және солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың оңтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін.

12 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында, Қызыл­орда қаласында кей уақыттарда тұман түседі.

Бүгін Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Маңғыстау облысының батысында және орталығында тұман түсуі мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<