«Қазпошта» басқарма төрағасы қызметінен кетті

549

0

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы арыз жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sk.kz сайтына сілтеме жасап.

«27 тамызда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың өз уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарап, 2021 ж. 1 қыркүйегінен бастап «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқаруды Серік Саудабаевқа жүктеу туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада. 

Серік Саудабаев 1977 жылы туған. Жоғары экономикалық және жоғары заңгерлік білімі бар. 2010 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Қазақтелеком» және «Қазпошта» сияқты активтеріне жауапты салалық дирекциясын басқарды. 2010-2014 жылдар аралығында және 2016 жылдан осы уақытқа дейін Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі. 
Сонымен қатар, Серік Саудабаев «Қазақтелеком» АҚ мен » Kcell» АҚ директорлар Кеңесінде акционер мүддесінің өкілі және «QazCloud» ЖШС Бақылаушылар кеңесінің мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<