Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда

218

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Кезекті қоғамдық тәртіпті бақылаушы құрамның – аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Дүзелбайұлы. Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарды аралаған топ түсіндірме жұмыстарын жасап, жастарды тәртіпке шақырды.

Атап айтсақ, компьютер клубтарына, ойын-сауық орталықтарына, түнгі клубтарға, кафе және бильярд клубтарына барды. Сондай-ақ, орталық стадион, саябақ, спорт алаңдары, тойханалар мен мейрамханаларды аралады.

Топ құрамында аудандық мәслихат депутаттары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, Әйтеке би кенті әкімдігі, білім бөлімі және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бар.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<