Қоңқабаев-Джалолов жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

494

0

Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) ширек финалда өзбекстандық Баходир Джалоловпен қолғап түйістіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қамшыбек Қоңқабаев кеше, 7 мамырда сириялық Мохаммед Млайесті жеңіп, ширек финалға өтті. Ал Баходир Джалолов аустралиялық Теремоан Джуниорды тізе бүктірді.

Қоңқабаев – Джалолов кездесуі 10 мамырға белгіленген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<