Қытай мен Қырғызстан шекарасында тағы да 5 балдық жер сілкінісі болды

657

0

Фото ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 29 желтоқсан 1 сағат17 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.5. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 20 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.Еске салсақ, кеше кешке Қытай мен Қырғызстан аумағында 5 балдық зілзала болып, Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<