Қытайда нөсер жауын салдарынан 11 адам із-түзсіз жоғалып кетті

242

0

Фото: pexels.com

Гуандун провинциясындағы (Оңтүстік Қытай) гидрологиялық станциялар бұл провинциядағы 20-дан астам өзен суының арнасынан асу қаупі жоғары екенін хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі.

Гуандун провинциясының су ресурстары басқармасының хабарлауынша, жексенбі күні сағат 16.00-де провинциядағы 24 өзеннің 38 гидрологиялық станциясындағы су деңгейі ескерту деңгейінен асып кеткен.

Толассыз және ұзаққа созылған жауын-шашын салдарынан Бейцзян өзенінің төменгі ағысында су деңгейі күрт көтеріліп, қатты су тасқыны болатыны ескертілді. Құтқару жұмыстары қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр.

Гуандун провинциясының метеорологиялық орталығы алдағы аптада Гуандун провинциясында жаңбыр жауады деп болжайды.

Соңғы мәлімет бойынша, Қытайдың Гуандун провинциясында толассыз жауған жауын салдарынан 11 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<