Жарылыстан 40-қа жуық адам зардап шекті

478

0

Ресейдің Сергиев Посад қаласында зауытта жарылыс болып, 40-қа жуық адам зардап шекті.  Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Загорск оптико-механикалық зауыт аумағындағы»Пироросс»кәсіпорнында болған жарылыстан зардап шеккен 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары – ауыр», делінген Мәскеу облысы Сергиев Посад қалалық округі әкімшілігінің ресми Telegram-арнасында.

Қазіргі уақытта 38 адамның зардап шеккені хабарланып отыр.
«Жедел желіге хабарласып жатқан адамдар тым көп. Аурухана өкілдері жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды. Дәрігерлер қолынан келгенін істеп жатыр», – деп толықтырды әкімшілік өкілдері.

«Загорск оптико-механикалық зауытындағы жарылысқа келер болсақ, мәліметтердің бәрі – алдын ала болжам. Қазір өндіріс орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Детонация пиротехника заттары сақталатын қоймада шыққан. Ол жерді қаладағы танымал компаниялардың бірі жалға алған. Жарылыс себебі – технология процестерінің сақталмауы», – деді Мемлекеттік думаның құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы Сергей Пахомов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<