Қызылордада мас жүргізуші ұсталды

599

0

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 20 ақпан күні  түнгі 23:20-да Қызылорда қаласы  көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті басқарған 46 жастағы қала  тұрғыны мас  болып шыққан. Тексеру барысында  бұл азамат сот шешімімен биылғы 20 қаңтарда 6 айға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

         Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды, жүргізуші қамауға алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<