Қызылордада пияз бағасы 25,9% өскен

683

0

Фото: ашық дереккөз

ҚР СЖРА ҰСБ Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметінше,

2023 жылғы қаңтарда тұтыну тауарлары бағасының индексі 101,2%-ды құрады.

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,8%, азық-түлік емес тауарларына – 1%, ақылы қызметтер – 0,4%-ға жоғарылады.

пайызбен; өсуі+

 2023 жылғы қаңтар
2022 жылғы желтоқсанға2022 жылғы қаңтарға
Тауарлар мен қызметтер1,220,9
Азық-түлік тауарлары1,826,7
Азық-түлік емес тауарлар1,019,9
Ақылы қызметтер0,413,2

Бағаның өсуі пиязға 25,9%, күрішке – 5,5%, нанға – 5,2%, қырыққабатқа – 4,3%, алкогольді сусындар мен темекі өнімдеріне – 3,3%, макарон өнімдеріне – 2%, кондитерлік өнімдерге, алкогольсіз сусындарға – 1,9%-дан, ет өнімдеріне – 1,5%, жаңа жиналған жемістерге – 1,2%, сүт өнімдеріне – 1%, балық және теңіз өнімдеріне – 0,6%, жармаларға, ірімшік және сүзбеге – 0,5%-дан, ет және құс етіне, ұнға – 0,1%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі қантқа 0,8%, жұмыртқаға – 0,2% тіркелді.

Бағаның өсімі жуғыш және тазалағыш құралдарға 2,4%, автокөлік құралдарын сатып алуға – 1,5%, киім және аяқ киімге, жеке қолданылатын басқа да заттар, құрылғылар және тауарларға – 0,8%-дан, үй тұрмысының заттарына – 0,5%, фармацевтикалық өнімдерге – 0,3%-ды құрады. Тас көмір 9,4%, бензин – 0,2% қымбаттады.

Баға деңгейі құқықтық қызметтерге 12,6%, салт-жора қызметтеріне – 6,1%, тұрғын үйді жалға алу – 3,3%-ға жоғарылады. Жолаушылар темір жол көлігі қызметтері 6,1%-ға қымбаттады, әуе көлігі қызметтері 1,7%-ға төмендеді.

Әдіснамалық түсіндірмелер

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%, азық-түлік емес тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер – 29,1%-ды құрады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<