Қызылордаға сәуір айында қазақстандық вакцина жеткізіледі

376

0

Қызылорда облысына сәуір айының соңына таман «QazCovid-in» вакцинасы жеткізіледі.

Бүгінгі күнге дейін өңірде 10 659 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Жақын күндері тағы да «Спутник V» вакцинасының бес мың дозасы жеткізіледі. Сондай-ақ, аймаққа сәуір айының аяғында «QazCovid-in» вакцинасы әкелінеді.

«Жалпы, шілде айына дейін 80 мың адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Эпидемияны түбегейлі жеңудің жолы – вакцина салдыру. Әрине, ол ерікті түрде жүргізіледі. Негізінде ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек. Сол себепті барша халықты коронавирус инфекциясынан қорғану үшін сақтық шараларын сақтауға, екпе салдыруға шақырамын», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Қазіргі таңда 9 ПТР аппараты жұмыс істейді. Тәулігіне 1000-1100 аралығында сынама алынуда. Қажеттілік туындаған жағдайда зерттеу санын 1900-ге дейін жеткізуге мүмкіндік бар.

Естеріңізге сала кетелік, бүгінгі күнге дейін Қызылордада 10659 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<