Қызылордалық балуанның бағы жанды

864

0

Шымкентте қазақ күресінен жастар арасында ел біріншілігі өтуде. Бүгін жеңіл салмақтағы балуандар өзара кім мықтыны анықтады.

Қызылорда облысының намысын қорғаған балуандар арасынан Самал Мәлікқызы ғана жарыстың биік сатысына көтерілді.

52 келіде сынға түскен балуан қыз алдымен жарыс қожайыны Ғазиза Нұрмұхамедқызының жауырынын жерге тигізді. Ширек финалда елордалық Мадина Жомартовадан айласын асырса, жартылай финалда Түркістан облысының спортшысы Гүлбаһар Журабайды жолынан тайдырды.

Ақтық сынның бәсекесі Самал үшін қиындық тудырмады. Ұлытаудың балуаны Алуа Қазықанның алтын үшін белдесуде Сыр саңлағына күші жетпеді. Боз кілемде әдемі әдіс жасаған Сыр мақтанышының ел чемпионатында мерейі үстем болды.

Осылайша Самал Мәлікқызы Қазақстан чемпионатында алтын тұғырдан көрінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<