Рейд жұмыстары жүйелі жүргізілуде

376

0

Кәмелетке жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған кезекті рейд жұмыстарының жетекшісі – аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев.

Рейдтің мақсаты – оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, топтық жиындарды болдырмау, түнгі уақыттарда ата-анасыз үй-жайларынан тыс жерге бармауын қадағалау.

Жалғас Оңғарұлы бастаған топ Әйтеке би кентіндегі мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, тамақтану орындары, саябақ, ойын алаңдары және балалар көп шоғырланатын аймақтарды қатаң бақылауға алды. Түсіндірме жұмыстары барысында кәмелет жасқа толмаған мектеп оқушылары анықталып, ата-аналарына ескерту берілді. Сонымен қатар, беймезгіл уақытта ғимаратқа кіргізгені үшін ойын орталығының иесіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<