Республикалық комиссия отырысы

472

0

«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың жетекшілігімен партия жанындағы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде комиссияның кейінгі 5 айда атқарған жұмысы тыңдалып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Аталған жиынға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова мен жауапты сала басшылары бейнеконференция арқылы қатысты.

Республикалық жиын аймақтық комиссияның жұмысшы тобы отырысымен жалғасып, сала бойынша өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды. Алдағы уақытта аймақтық комиссияның арнайы отырысы өткізіліп, бұл бағытта аудандарда атқарылған жұмыстарға талдау жасалады.

ҚАБЫЛДАУЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Тұрғындар өтініштерін тыңдап, оларды шешу мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Есенгелді Сыздықов, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әділбек Бекішев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Ләззат Темірова, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Ғалия Байменова, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова және облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Манат Алмашова қабылдау өткізіп, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кеңес құрамы пысықталды

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырысты аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерге кеңінен тоқталды.

Жиында қоғамдық кеңестің өткен 11 айда атқарған жұмыстары қаралып, кеңес құрамы пысықталды.

Тақырыптық қабылдау өткізді

Партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Балжан Қайырбекова тұрғындарға арналған заңгерлік көмек бағытында тақырыптық қабылдау өткізді.

Қабылдауда қала тұрғындары тарапынан онлайн несие, алимент өндіру және мұрагерлік жайында туындаған қиындықтар бойынша сұрақтар болды.

***

Жалпы апта ішінде облыстық және аудандық, қалалық филиалдар мен БПҰ-да кездесулер, тақырыптық қабылдаулар, партиялық бақылау және басқа да түрлі форматтағы 71 қоғамдық-саяси іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<