«Рfizer» вакцинасының 81900 дозасы жеткізілді

623

0

Бүгінгі таңда облыста эпидахуал тұрақты. Күніне 1-2 жағдай тіркелуде. Өткен тәулікте 1 адам пневмония ауруымен науқастанып, ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов айтты.

Дегенмен, сақтық шараларына аса мән беру қажеттігі айтылды. Қазіргі кезде вакциналаудың І компоненті бойынша 92%, ІІ компоненті бойынша 82,4% орындалды. Ревакциналаудан аймақ тұрғындарының 5400-ден астамы өтті. Бұл организмдегі антиденені белсенді етеді.

– 18 желтоқсан күні облысқа «Рfizer» вакцинасының 81900 дозасы жеткізілді. Спутник арқылы Америкадағы зауыттан температура режимінің толық сақталғанына тексеру жүргізіліп, салуға рұқсат берілді. Дүйсенбіден бастап ол барлық емханаларға таратылып жатыр. Ал бұған дейін жеткізілген «Рfizer» вакцинасының алғашқы партиясы, яғни 11700 дозаның барлығы игерілді, – деді ол.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<