Сәтті шыққан ота

760

0

Облыстық балалар ауруханасының травматологтары табанынан жарақат алған үш жасар пациентке шұғыл ота жасады.

Анасы Айшолпан Өмірханованың айтуынша, сол күні кішкентай Гүлбағым көршінің мотоциклі жанында ойнап жүрген. Темір тұлпар баланың сол аяғына құлады. Бала шұғыл түрде аудандық ауруханаға, содан кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Компьютерлік томографияда табан асты буынның шығуы және табан пронациясының белгілері бар асық сүйегінің сынуы (ығысуы бар) анықталды. Облыстық балалар ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері Олжас Құрбанбаев бұл сирек кездесетін және күрделі патология екенін айтты. Науқасқа ота жасалып,  сәтті өтті.

–       Тәжірибеде мұндай асық сүйегінің (таранная кость) жарақатын бірінші рет кездестіріп тұрмын. Травматологияда асық сүйегінің ығысқан сынығы сирек кездеседі және ауыр жарақаттар тобына жатады. Асық сүйегі арқылы дененің бүкіл салмағының қысымы аяққа беріледі. Бұл – аяқтың  бұлшық еті қосылмайтын жалғыз сүйек. Асқыну қаупі бар: аваскулярлық некроз, дегенеративті артроз. Мүгедектік деңгейі жоғары. Кішкентай пациент бұл жарақатты жеңіп, тез сауығып кетеді деп сенеміз, – дейді  дәрігер.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<