Сайлауалды бағдарламаның орындалуы пысықталды

443

0

Облыс әкімі, Nur otan партиясының облыстық филиал төрағасы Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша мәжіліс өтті.

Оған Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйла Төрешова, облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты. Сондай-ақ, селекторлық режимде қала және аудан әкімдері қосылды.

Мәжілісте мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай баяндады.

Партия бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық және аудандық Жол карталарының орындалу барысын Ләйла Төрешова хабарлады.

Облыс әкімі жауапты басқармалар мен Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне барлық мүмкіндіктерді қарастырып, партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген барлық шараларды жыл соңына дейін жүзеге асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<