Сайлаудағы жеңісімен құттықтады

305

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылап, өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласқан.

Айта кетейік, Ресейдегі президенттік сайлауда Владимир Путин 87,32 пайыз дауыс жинады.

РФ Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Ресей президенттігіне үміткер әрі қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин 2024 жылғы президенттік сайлау хаттамаларын санау нәтижесі бойынша 87,32 пайыз дауыс жинап, көш бастады.

Екінші орында 4,32 пайыз дауыс жинаған Ресей Федерациясы Коммунистік партиясынан кандидат Николай Харитонов, үшінші орында 3,79 пайыз дауыспен «Жаңа халық» партиясынан кандидат Владислав Даванков тұр. Төртінші орында 3,19% дауыс жинаған ЛДПР кандидаты Леонид Слуцкий.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<