Сайлауға ұлттық нақышта киініп келді

770

0

Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі №98 сайлау учаскесінде саяси науқан сәтті өтуде.

Алғаш ардагер ұстаз Ұлмекен Ақшолақова өз таңдауын жасады. Жосалы кенті Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Асқар Мерековте сайлау учаскесіне ақ батасын берді.

№105 мектеп-лицейінің бір топ мұғалімі сайлауға ұлттық нақышта киініп келген. «Мемлекет басшысын сайлау ең маңызды тарихи күн. Бұл күн − мереке. Қазақ елінің тойы. Сондықтан ұлттық нақышта киініп келдік. Кандидаттардың бәрінің сайлауалды бағдарламасымен таныстық. Сайлауға қатысып, дауыс беру − басты мақсатымыз. Бейбіт уақытта, өз таңдауын жасап жүрген бақытты мамандармыз» дейді олар.

Аталған учаскеге қарасты ерекше жандар үйлерінен дауыс берді.

Сайлау учаскесінде «Бауырсақ party» ұйымдастырылып, дауыс берушілерге бауырсақ ұсынды.

− Сайлауға қатысу арқылы президентті ғана таңдап қоймаймыз, бұл біздің келісті келешегімізге жасаған нақты қадамымыз. Әрбір азаматтың өз таңдау құқығы бар. Қазіргі қоғам белсенді. Халық елде болып жатқан процестерге қызығушылық танытады. Сондықтан тұрғындар сайлауға өте белсенді қатысуда. Қариялар отбасымен келуде. Жастардың да қарасы қалың. Мүмкіндігінше шектеулі жандардың үйіне барып жылжымалы дауыс беру ұйымдастырдық, — деді аталған сайлау учаскесінің төрағасы Гүлзира Еркебаева.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<