Салмағы 230 келі қой еліміздің рекордтар кітабына енді

863

0

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

– Еліміздің КИнЭС рекордтар кітабына Миллион атты қошқарым тіркелейін деп жатыр. Елордадан арнайы маман келді. Таразының дұрыстығы тексерілді. Ет-май өнімділігі бағытындағы тұқымды тіркесек, бұл ТМД елдері мен бүкіл әлем бойынша үлкен жетістік, – деді шаруа қожалық иесі Қуаныш Мықтыбаев.

КИнЭС Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов қошқар иесіне рекордтар кітабы атынан арнайы сертификат табыстады.

– Мұндай қойды көрген емеспіз. Әлем рекордына тән көрсеткіштердің бірі. Қазақстан рекордтар кітабы атынан сертификат Қуаныш Мықтыбаевқа тапсырылады. Ет-май өнімділігі бағытындағы қошқардың салмағы 230 кг екенін растайды. Бұл еліміздегі ең ірі салмақты қой ретінде тіркелді. Қошқардың лақап аты – Миллион. Жасы төртте, – деді Қуандық Құдайбергенов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<