«Самғаның» бишілері Польша мен АҚШ-та топ жарды

567

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Самға» би тобы Лондонда өткен халықаралық шығармашылық фестивалінде 1-орын иеленді. 

Қашықтан ұйымдастырылған шарада көптеген мемлекеттің шығармашалық топтарымен бақ сынасқан жас зияткерлер қазақ биін орындап, үздік деп танылды.

Сондай-ақ, ұлттық өнерімізді әлемге танытуда  11-сынып оқушысы Баян Сарибаева жеке орындауда ерекшеленді. Польшаның  «DIGI-TALENTY. JESIEN-2020» халықаралық фестивалінде «Қыз қиялы» атты  би қойылымымен бірінші дәрежелі диплом иегері атанды.   

Айта кетейік,  «Самға» би тобы Зияткерлік мектеп жанынан құрылған. Бүгінде ұжымның 50-ден астам белсенді  мүшелері  әртүрлі жанрдағы хореографияны меңгеріп, мәдени мұраны насихаттауда  үлкен септігін тигізуде.

Ұжымның жетекшілері кәсіби хореографтар Жұлдызай Мауленова мен Ақмарал Алибекованың оқушылардың жан-жақты және шығармашылық потенциалын дамытуда үлестері зор.

Балалардың талантын ашуда және ұлттық өнерді  жаңғыртудағы еңбектері үшін педагогтары да ұйымдастырушылардың Алғыс хаттарымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<