Кеше Қызылорда «Болашақ» университетінің «Мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының «Кіші жастағы оқушыларға білім беру» ғылыми-педагогикалық орталығы «Zoom» платформасы арқылы «Білім алушыларды оқыту барысында сергіту сәтін тиімді пайдалану түрлері» тақырыбында семинар-тренингұйымдастырды. Семинар-тренингкафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты А. Есқараеваның кіріспе сөзімен ашылды.
Семинар-тренинг ұйымдастырушыА.Ғ. Тұрахмет «Білім алушыларды оқыту барысында сергіту сәтін тиімді пайдалану түрлері» атты теориялық түсіндірмесі «Bilimland» теледидары арқылы көрсетілді. Көрсетілім барысындамектепте қолданылатын жаңартылған оқу бағдарламасы,критериалдық бағалау,сабақ жоспарлары,оқу мақсаттары,кері байланыс, жаңа әдістерді қолданудың жолдары мысалдар келтіріле отырып, қолдану аясы түсіндірілді.
Атап айтсақ, мектеп мұғалімдеріне арналған жоспар түрі, «Фишбоун», «Диафильм»әдісі, «Бес жолды өлең», «Блум» әдістерін қолдану арқылы сабақ жоспарын жасау үлгісі таныстырылды. Сонымен қатар,сабақ барысында ұйымдастырылатын сергіту сәтін қалай ұйымдастырылатындығы айтылды. Семинар-тренинг барысында мектеп оқушыларыныңтыңдалымы мен айтылымын қалыптастыруға байланысты мәселелер талданды.
«Кіші жастағы оқушыларға білім беру»
ғылыми-педагогикалық орталығы
Аружанның кафедра орталығының кезекті семинар-тренингі өз дәрежесінде өткізілді. Студенттер көптеген мәліметтер алды. Үйде (бала күтімінде) отырған студенттер рахметін айтып, жаңа технологияның, жаңа әдіс-тәсілдердің түрлерін осындай онлайн түрінде көргендеріне риза болуда. Аружанға шығармашылық табыс тілеймін.
Аружан апай керемет ұйымдастырыпты. Жарайсыз👍👍👍🌹
Саттылык!
Тек алга!
Мен сенымен мактанамын! 😎👍
Аружан өз ісінің маманы,балаларды біліммен сусындатып журе бер,жұмысында беделін жана берсін,❤️
Аружан өз ісінің маманы,жұмысыңа саттілік тілеймін,білікті мамандардың бірегейі❤️
Жарайсың! Өрлей бер🌹