Спорт жаңалықтары

1700

0

Компания жүлдесі

Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылдық спорт кешенінде үш күнге созылған «Абзал және К» ТС-ның жүлдесі үшін дзюдодан 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті.

Турнирде Абай, Жамбыл, Ақтөбе, Түркістан облыстары мен аймақтың аудандарынан барлығы 300-ге жуық спортшы бақ сынады. Республикалық турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысқан болатын.

Үздік нәтиже

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы алғашқы трансплантацияға 10 жыл толуына арналған ағзасы ауыстырылған және диализдегі науқастар арасында жарыс өтті.

Республикалық жарысқа Қазақстанның сегіз облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының спортшылары қатысты. Қызылорда облысының құрама командасы үздік нәтиже көрсетті.

Мұның ішінде боулинг, дартс, үстел теннисі, суда жүзу, волейбол ойындары бойынша Нұрсәуле Мейірбекова, Самат Әбшекенов, Оразбек Әбдімәжит, Руслан Омаров сынды қатысушылар жеңіс тұғырынан көрінді.

ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР

Сырдария аудандық спорт кешенінде Спорт күніне орай волейболдан облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа 6 команда, 60-қа жуық спортшы қатысты.

Нәтижесінде Жаңақорған ауданы 1-орын, Қызылорда қаласы 2-орын, Сырдария ауданы 3-орын алды.

Үш қола

Көкшетау қаласында өткен көкпар және аударыспақтан 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Онда Сыр спортшылары (аударыспақтан) 3 қола медаль иеленді.

Асхат Тұрғанбек, Диас Әбден, Нұрдәулет Мақсат өз салмақтарында ат үстіндегі білек пен жүрек мықтылықтарын мойындатты.

АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ СПАРТАКИАДАСЫ

Қармақшыда ауыл спортшыларының аудандық спартакидасы өтті.

Шағын футбол, баскетбол, гір тасын көтеру, шахмат, үстел теннисі, асық ату сынды спорттың 6 түрінен жарыс ұйымдастырылды. 11 ауылдық округ пен Төретам кентінен құралған командаларда барлығы 300-ге жуық спортшы бәске түсті.

Жалпыкомандалық есепте 80 ұпаймен Ақтөбе ауылдық округі командасы, 82 ұпаймен Дүр оңғар ауылдық округі командасы, 99 ұпаймен Төретам кенті командасы жеңімпаз атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<