Спорттық алаң ашылды

1136

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойына орай спорттық алаңның ашылу салтанаты өтті. Спорттық алаң оқу орнындағы №5 студенттер үйінің алдында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ демеушілігімен салынды.

Салтанатты шарадаҚорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова спорттық алаңның ашылуы жастардың дені сау болуына, бос уақыттарын пайдалы өткізуіне ықпал ететінін атап өтті.

  •  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 20 жылдан бері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен әріптестік байланыста жұмыс атқарып келеді.

Атап айтар болсақ, банк көмегімен университет қызметкерлеріне қызмет көрсету, еңбекақы төлеу, банк карталарын ашу және пайдалану, заңды және жеке тұлғаның депозит ашуы сияқты қызметтер жүзеге асады.

Биыл оқу орнына қабылданған студенттердің саны артты. Сондықтан мұндай спорттық алаңның ашылуы жастардың шыңдала түсуіне мол мүмкіндік бермек. Білім алушылардың дамуына қолдау білдірген «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-на алғыс білдіреміз, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Жиында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ерлан Нұртазаев жаңа алаңның ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта да университетпен әріптестік байланыс нығаятынын атап өтті.

Шара барысында жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нәбиден Марат спорттық алаң жастардың денсаулығын нығайтуға үлкен мүмкіндік екенін жеткізді.

Қазіргі уақытта университетте 22 жастар ұйымы, 13 спорт секциясы жұмыс жасайды. Оқу орнында Әлем және Азия чемпионаттарының 30-дан астам, Қазақстан чемпионатының 100-ден астам жеңімпазы мен жүлдегері бар.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<