Жемқорлыққа жол бермеңіз!

786

0

Қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің күрделі мәселесі болып отыр. Жалпы жемқорлық мемлекетіміздің гүлденіп дамуына өте үлкен кері әсерін тигізетіні анық. Жемқорлықпен күресу, оған жол бермеуге бәріміз жұмыла кірісуіміз қажет. Ол үшін «пара берме, пара алма» қағидасын үнемі естен шығармағанымыз абзал.

Жемқорлықпен күресу үшін ең алдымен халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы екенін естен шығармауымыз қажет.

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі екендігі анық. Егер де елімізде көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар қатары артса, міндетті түрде сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа қол жеткіземіз. Сол кезде елімізде экономика қарқынды дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарады.

И.ӘЛІШЕР,

Қызылорда облысы

Әділет департаменті

әкімшілік бөлімінің

бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<