Сындарлы уақыттағы саяси өзгеріс

875

0

Қазақстан өз дамуында жаңа кезеңге қадам басты. Қазір  ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен әлемдегі ізгілік атау­лыға жақын деген демократиялық үдерістерді серпінді дамытуға деген ниетін сездірді. Кезінде ұлы Черчилль «әлемде елді басқарудың демократиялық үлгісі ең ауыр жол, бірақ адамзат баласы әзірге бұдан басқа тиімді жолды ойлап тапқан емес» деп атап көрсеткен болатын.

Батыс өркениеті бұл жолда өз тарапынан 300 жылын сарп етті. Билік пен қоғамдық күштер небір сынақтардан өтті. Дегенмен, сол қиындықтарды жеңіп, бүгінгі өркениетке жетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы Үндеуінде елімізді демократияландырудың өзекті мәселелері айтылды. Сайланатын жаңа Парламенттің қызмет жасау аясы кеңейетін болады.

Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланатын болады. Бұл – бұрын-соңды болмаған ірі саяси қадам. Президент еліміздің сайланбалы органының қызметін демократияландыруға байланыс­ты басқа да оңды шешімдер қабылдады. Осының барлығы әлемдегі бүгінгідей күрделі уақыттағы еліміздің саяси өмірінде маңызды орын алатын бастамалардың қатарына жатады.

Президент «біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету» деді Үндеуде. Мемлекет басшысының бұл тұжырымы нақты іспен дәлелденуде. Қазір мемлекетте жүргізіліп жатқан саяси өзгерістер – осының айқын көрінісі. Бұл – Қазақстанның болашақ ұрпағы үшін барынша өзекті мәселе.

Баймырза

ҚОЖАМБЕРЛИЕВ,

философия ғылымдарының докторы, профессор

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<