Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы тағайындалды

524

0

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Егембергенов Айбек Асылханұлы тағайындалды.

Облыс әкімі жаңа департамент басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

– Айбек Асылханұлы өзінің алған білімі мен осы кезге дейін жинаған мол тәжірибесін өңірдегі коммуналдық саланың дамуына арнап, тариф тұрақтылығы мен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға ықпал етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және осы салада мемлекеттік реттеу мен бақылау тетіктерін күшейтеді деген зор сеніміміз бар, – деді облыс әкімі.

Актив отырысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев сөз алып, Айбек Егембергеновке жаңа қызметінде абырой мен мол жетістік тіледі.

Айбек Егембергенов 1987 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.

2007 жылы Мемлекеттік Кентау көпсалалы колледжін есептеу техникалары мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету және 2012 жылы
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын құқық және экономика негіздері мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Түркістан облысының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің хатшысы ретінде бастаған.
2009-2015 жылдары «Яссы» колледжінің информатика пәнінің мұғалімі, «Нұрлы Қалқан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженер программисті.

2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы.

2019 жылдан бастап 2023 жылдың 16 қаңтарына дейін – Табиғи монополияларды реттеу комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келді.

Қызылорда облысы

әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<