Тарихқа тағзым

607

0

Жеңіс мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Қайшыбеков «Мәңгілік алау»  мемориалының алдына соғыс жылдарында шайқаста қаза болғандарды еске алу құрметіне гүл шоқтарын қойды. Онан соң соғыс ардагері Әбдірахман Бәйтіковтің отбасына барып құттықтады.

Кездесу барысында департамент басшысы соғыс ардагерін келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық тілеп, шапан жапты.

Өз кезегінде ардагер өзінің өмірлік тарихымен бөлісіп, сұрапыл соғыс жылдарындағы қиыншылықтар мен бірге жүрген қаруластарының ерліктері туралы айтты және департамент ұжымына ризашылығын білдіріп, батасын берді.

Ардагерлердің қанкешті соғыста көрсеткен жанкешті ерлігі-бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлкен рухани мұра. Осы ретте, департаменттің жас мамандары да облыстық музейде болып, соғыс ардагерлеріне арналған естеліктеліктермен, жасаған ерліктерімен танысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<