Төкпе жырдың дүлдүлі

1441

0

Сыр елінің дәстүрлі өнерін дәріптеуші, әнші, жырау Ақмырза Тұяқбайұлының 110 жылдығына арналған «Төкпе жырдың дүлдүлі» атты жыршы-жыраулардың концерті өтті.

Облыстық филармонияның концерт залында өткен жыр кешінде Ақмырза Тұяқбайұлының репертуарындағы жырлары мен әндерін Сыр елінің жыраулық мектептері Нұртуған, Жиенбай, Нартай, Сәрсенбайдың ізін жалғастырушы өнерпаздар орындады.

Концертте Шолпан Бимбетова, Руслан Ахметов, Ақмарал Ноғайбаева, Майра Сәрсенбаева, Әділхан Қуаңбаев сынды майталмандар өнер көрсетті. Сонымен қатар халықаралық және республикалық жыр додаларының жеңімпазы Бисенбек Төлеубаев, Марат Сүгірбай, Жәнібек Жақсанов пен «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен  дәстүрлі әндердің шебер орындаушысы Бақдәулет Қар­ғабаев қатысты. Кеште Алмас Жаңғылбаевтың «Жайлауда»,  Кенен Әзірбаевтың «Бастау»,  халық әні «Беу, айдай» әндерімен Тұрмағамбет, Нартай, Нұр­туғанның термесі орындалды.

Жыр кешіне жиналған тыңдармандар өнерпаздарға қошемет көрсетіп, жыраудың шығармашылығына қанығып қайтты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<