Төменарықтағы Наурыз мерекесі

246

0

Фото: Жаңақорған ауданының әкімдігі

⚜️Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бекітілген Наурызнамадағы Ынтымақ күні қарсаңында татулық пен бірлікті ту еткен Төменарық тұрғындары мерекелердің төресі табиғат жан-дүниесімен жадырап, тіршілік біткеннің бәрі жаңаша жасаратын ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз мейрамын тойлады.

⚜️ Клуб үйінің үйінің алдын­да ор­на­лас­қан этноауылдағы театрлан­ды­рыл­ған көріністер, ұлттық спорт түр­лері бойынша сайыстар, қол­өнер­шілер көрмесі мен бой көтерген киіз үй, алтыбақан тепкен жастар, сыңғырлаған ән мен би бәрі-бәрі мерекенің сәнін кіргізіп, шат-шадыман көңіл күй сыйлады. Жиылған халық наурыз көже мен ыстық бауырсақтан, өзге де ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың жаңа жылында бір-біріне ақжарма тілектерін жаудырып жатты.

⚜️ Ұлық мерекені халықпен бірге тойлауға келген облыс әкімінің орынбасары Бақыт ДУЙСЕНҰЛЫ мен аудан әкімі Мұрат ЖОЛКЕЛДІҰЛЫ да елге ыстық лебіздерін жеткізіп, тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, елімізге бақ-береке тіледі. Арнайы құттықтай келушілер қатарында аудандық мәслихат төрағасы Галымжан Сопбеков ,аудандық білім бөлімінің басшысы Бекжан Есенбаев пен ел ағалары Өмірсерік Тақырбасов, Серқожа Ыдырысов ағаларымыз болды.

⚜️ Одан әрі жиналған көпшілік алдында ауылдың дамуына еңбегі сіңген жандар облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының мерекелік «Алғыс хатымен» марапатталып, мінбер төрінен көрінді. Соңыра ауыл ақсақалы Темірбек көкеміз еліміздің тыныш­тығын тілеп, ақ батасын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<