Төтенше жағдайға әзірлік тексерілді

414

0

Қызылорда қаласындағы Шымбай көшесінде орналасқан темір жол желісінің ғимаратында «Жер-2021» халықаралық командалық штабтық оқу-жаттығуының арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Тақырыбы – 2021 жылғы жер сілкінісі кезінде төтенше жағдайларды жою іс-қимылдарына азаматтық қорғау мемлекеттік кіші жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау.

Жер сілкінісі  кезіндегі төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының әзірлігін тексеруді мақсат еткен.

Оқу-жаттығуға 15 құрылым, 75 адам, 25 техника қатыстырылды.

  Сценарий бойынша дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының телефонына республикалық штабтан Алматы облысы, Қарасай ауданында жер сілкінісі болғаны, оған төтенше жағдайды жоюға қосымша көмек қажеттігі туралы  хабарлама түсті.

Осыған орай дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының жедел кезекшісі жедел әрекет ететін қызметтерге жағдайды хабарлады. Одан соң авариялық-құтқару қызметтерді жинап, күш-құралдар  нақтыланды. Техникаларды платформаға тиеп,   жолаушыларды вагонға отырғызды. Департаменттің жедел тобы төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған азаматтық қорғау қызметтерінің күш-құралдары туралы ақпаратты басшылыққа жолдады.

Оқу-жаттығуды облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев қорытындылады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<