Токио-2020: Дәулет Ниязбеков үш дүркін әлем чемпионына жол берді

688

0

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Ниязбеков ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Хаджи Алиевпен кездесіп, 1:9 есебімен жеңіліп қалды. Бұған дейін қазақстандық балуан 1/8 финалда кубалық Энрике Вальдесті сенімді жеңген болатын. 

32 жастағы тәжірибелі Дәулет Ниязбеков – Қызылорда облысының тумасы. Үш дүркін Азия чемпионы. Ал 2011 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль еншілеген.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<