Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны мыңнан асты

795

0

Фото: ашық дереккөз

Түркиядағы жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 1014 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған мәліметтерді Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою басқармасы жариялаған.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында орналасқан зілзала құрбандарының саны мыңнан асты, кемінде 7 мың адам жарақат алды.

Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою басқармасының мәліметінше, Кахраманмараш, Килис, Диярбакыр, Адана, Османие, Газиантеп, Шанлыурфа, Адияман, Малатия және Хатай провинцияларында 2824 ғимарат қираған.

Жер сілкінісінің қайталануынан қауіптенген Түркия билігі тұрғындарды үйлеріне қайтпауға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<