Тұғырнама тұғыры

519

0

Партияның кезектен тыс конференциясы өтті

Кеше «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXІХ конференциясы өтті.

Алқалы жиында партияның жаңа Саяси Тұғырнамасының жобасы талқыланып, 6 қазан күні Астана қаласында өтетін партияның кезектен тыс ХXIV съезіне Сыр елінен делегаттар сайланды.

Конференция жұмысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросы мүшелері, партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері, мәслихаттардағы фракция жетекшілері мен мүшелері және «Жастар Рухы» Жастар қанатынің өкілдері қатысты.

Жиынды ашқан «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова құжат жобасы бойынша бірнеше ай көлемінде түрлі сарапшылар тарапынан пікірталас қалыптасқанын атап өтті.

Маңызды құжат жобасы бұған дейін партияның барлық Бастауыш партия ұйымдарында, аумақтық филиалдары конференцияларында талқыланып,  облыстық конференция қарауына ұсынылды.

Жиында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов пен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, саясаттанушы Сәулет  Сахиев сөз алып, Тұғырнаманың негізгі мақсаты мен онан туындайтын міндеттер төңірегінде кеңінен хабарлама жасады.

Мұнан соң, күн тәртібіне сәйкес конференция шешімімен  Сыр өңірінен «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХXIV съезіне қатысатын 35 делегат сайланды.

Жиын соңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сөз алып, талқылауға түскен жаңа Тұғырнаманың ел дамуындағы жаңа кезеңнің басты идеологиялық құжаты болатынына сенім білдірді және съезге қатысатын жерлестерге сәттілік тіледі.

– Еліміздегі қабылданған реформалар сайлау жүйесі мен саяси партияларды дамытуға арналғанын да ескерсек, баршамыз демократия дәстүрлерін одан әрі нығайтып, өзара жауапкершілік пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға белсенді қатысуымыз қажет.

Бұл үшін барлығымыз Мемлекет басшысының әрбір бастамасына қолдау білдіріп, басты құндылықтар болып  табылатын – тәуелсіздік, жалпыұлттық бірлік, бәсекеге қабілетті экономика, білімді өркендеген қоғам, заң және тәртіп секілді ортақ басымдықтарды сақтап қана қоймай, оны әрі қарай нығайтуымыз керек, – деді облыс басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз  қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<