ҰБТ-дан 137 балл жинады

979

0

Аралдық түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуде облыс бойынша жоғары балл жинады.Тестілеудің алғашқы мүмкіндігінде 137 балл жинаған Нұрсұлтан Рысқалиев – Арал ауданы №220 орта мектебінің үздік оқушысы, «Алтын белгі» үміткері.

Талпынысы ерекше түлек екінші тестілеуді 23 маусым күні тапсырып, 140 балл еншілеуді көздеп отырғанын айтты.

–Болашақта әкемнің жолын қуып, медицина саласында еңбек етсем деймін. Ақ халатты абзал жан атанып, адал, абыройлы қызмет атқарғым келеді. Ойлаған армандарым, алға қойған мақсаттарым жетерлік, – дейді ол.

Білімді жас Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыру мүмкіндігі әр түлекке білім грантын алуға үлкен үміт сыйлайтынын ерекше атап өтті.

Пән мұғалімі Гүлбану Абатова мен сынып жетекшісі Гүлмира Әлібекованың айтуынша, шәкірттің биология, химия пәніне қызығушылығы жоғары. Биология пәні бойынша республикалық олимпиада жүлдегері, бірнеше мәрте облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпазы.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<