ҰБТ: Сынақ 5 шілдеге дейін

491

0

Аймағымызда ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. Дәлірек айтсақ, 22 мамырдан 5 шілдеге дейін Қызылорда қаласы және Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы ҰБТ өткізу пункттерінде жалғасады.

Биыл аймақтағы 8 210 мектеп бітіруші түлектің 7421-і тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Алғашқы күні 286 түлек білімін сарапқа салып, бақ сынады.

Облыс көлемінде 3 тестілеу пункті жұмыс жасайды. Облыстық білім басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушысы Қарлығаш Әнуарованың айтуынша, оқушылардың ҰБТ өтетін пунктке барып-қайтуына, жол шығыны және қауіпсіздігіне ата-аналары немесе оларды алмастыратын заңды өкілдері жауапты.

Айта кетейік, бұл тестілеу білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өткен жылдан бері түлектер грантқа түсу үшін екі рет сынақ тапсырып, жақсы нәтижесімен конкурсқа қатыса алады. Әрине, бұл – балалар мен ата-аналардың сынаққа бойы үйренуі үшін берілген мүмкіндік.

 «СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<