ҮББ жобасын іске асыру нәтижелері қаралды

236

0

Фото: автордан

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының (№4 ҮББ)  жобасын 2023 жылғы 12 айдағы іске асырудағы қорытындылары туралы кеңейтілген кеңесі өтті.

Қызылорда облысында жобаны облыс әкімдігінің жобалау кеңсесі жүзеге асырады.

№4 ҮББ жобасын іске асыру шеңберінде облыстың жергілікті атқарушы органдары тиісті жұмыстар жүргізді.

Жобаның бірінші бағыты бойынша – барлық жергілікті атқарушы органдарда және олардың ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша 715 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленді.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің  басым бөлігі, яғни шамамен 80%-ы қолданыстағы НҚА немесе нұсқаулықтардағы және т.б., сондай-ақ мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұйымдық қызметіндегі тәуекелдер болып табылады.

Жобаның екінші бағыты бойынша – облыс әкімдігі қылмыстық сипаттағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы екі хабарлама жолдады.

Жобаның үшінші бағыты бойынша – №4 ҮББ қамтылған барлық 45 квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді және тиісті ережелерді,нұсқаулықтарды, жоспарларды және т.б. қабылдау қамтамасыз етілді.

Жобаның төртінші бағыты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі 5,4%-ға немесе 46,133 млн теңгеге дейін жеткізілді.

Біліктілігін арттыруға барлық 179 мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті.

Жалпы өңірде №4 ҮББ іске асыру бойынша жұмыс жобаларды іске асыру картасының белгіленген мерзімдеріне сәйкес жүргізіледі және тұрақты бақылауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<