Ұрпақтары Кете бабаның рухына арнап ас берді

599

0

Бүгін Т.Көмекбаев ауылдық округінде Кете Байсары Құдайназарұлы Сойырғас бабаның рухына арнап ұрпақтары атынан ас берілді.
Екі күнге созылған іс-шаралар барысында Алдашбай ахун мен Қуаңдария ауылдарының аралығындағы тас жолы бойында Сойырғас баба кесенесі ашылып, Т.Көмекбаев ауылының орталық алаңында мәдени-көпшілік шаралар өтті.

Шара барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз сөйлеп, барша ауыл тұрғындарын Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Орталық алаңға киіз үйлер тігіліп, барша тұрғындар мен қонақтарға арнап ас берілді.
Сонымен қатар, баба рухына арнап құран бағышталып, ұлттық спорт түрлерінен, оның ішінде қол күрес, арқан тартыс, қазақша күрестен палуандар сайысы өткізіліп, ат жарыс ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<