Зейнет жасына шығарып салды

216

0

Фото: ҚАЖД

Қызылорда облысы жастар ресурстық орталығының акт залында Қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек етіп, өзіндік орнын қалыптастырған 60 мекеме бастығының жалпы сұрақтар бойынша орынбасары, әділет подполковнигі Ауешов Жарас Әуезханұлын зейнеткерлікке шығарып салып, жеке құрам атынан естелік сый табысталды.

Мереке барысында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы зейнет жасы мен кәсіби мерекеде Жарас Әуезханұлының қызметтегі жетістіктері мен абыройлы еңбегіне шолу жасап, жылы лебізін білдірді.

Қазақстан полициясы – еліміздің қоғамдық қауіпсіздігін, тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғау жолында аянбай қызмет еткеніңіз үшін Сізді кәсіби мереке – Полиция күнімен және зейнетке шығуыңызбен құттықтаймын! Адал еңбектің үлгісін көрсетіп, ел іргесінің беріктігі мен бүгініміздің жарқын, келешегіміздің баянды болуы жолындағы қызметіңіз үшін Сізге риясыз алғысымды білдіремін,-деді мекеме бастығы Өтетлеуов Мақсұт.

Мерекелік кеш соңында жеке құрам қызметкерлері зейнетке шыққан Жарас Әуесханұлын құттықтап, естелікке суретке түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<