Жәнібек чемпион

512

0

Жәнібек Абсаттар Жамбыл атындағы № 120 орта мектептің 9 «А» сынып оқушысы. Ол 3-сыныптан бастап ауыр атлетикамен айналысып жүр. Алты жылдан бері өз салмақ дәрежесінде түрлі додаларға қатысып, бақ сынап келеді. Елімізде ұйымдастырылған ауыр атлетикадан сайыстарда бірнеше рет жүлделі орындармен оралды.  Әсіресе 2021 жыл Жәнібек үшін жемісті болды. Ол өз салмағында белдесуге келген замандастарының бәрін жеңіп, Қазақстанның чемпион болды. Ауыр атлетикадан «Спорт шебері» атағын алды. Биыл екі дүркін Қазақстан чемпионы болды.

Жәнібек бүгінде Қызылорда қаласындағы №2 облыстың олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жас өспірімдер мектебінде дайындық үстінде. Алдағы сайыстарға сақадай сай бармақ.

– Жәнібектің жаттығуларды үзбей, дайындық жасауға деген ынтасы зор. Бұған дейін де зор еңбекпен жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Алдағы уақытта да спорттан қол үзбей үздіксіз шынықса, бағындырар белес көп. Ата-аналары, әжесі әркез қолдау білдіріп отыр. Баланың бос уақытында спорт мектебіне барып шыныққаны үлкен жетістік. Жәнібектің болашағынан зор үміт күтеміз, – дейді жаттықтырушысы Азамат Жылгелдіұлы.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<