Жаңа еңбек жарық көрді

825

0

Белгілі жүргеновтанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті Бауыржан Иманғалиевтің «Нарком Темірбек Жүргенов» атты жаңа кітабы баспадан шықты.

Бұл еңбекте Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы мәдениет пен әдебиет, оқу-ағарту саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сыншы-публицист Темірбек Қараұлы Жүргеновтің жазған әдеби-көсемсөз мұрасы жинақталып, қайраткерлік, қаламгерлік қарымы сараланған.

1930 жылдары халық арасында «Темір Нарком» атанған Т.Жүргеновтің құнды мақалалары мен очерктері, кітаптарынан үзінділер берілген. Еңбек отандық мәдениет пен әдебиеттің тарихын зерттеушілерге, жалпы қалың көпшілікке арналады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен 1 мың данамен басылып, республиканың кітапханаларына таратылды.

Бұл – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, зерттеуші-ғалым Бауыржан Сәбитұлының қайраткер-қаламгер Т.Жүргенов туралы жазған төртінші кітабы. Ол бұған дейін қайраткердің әдеби-публицистикалық мұрасын зерттеп, академик Зейнолла Қабдоловтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған.

Алуа Темірболат,

филология ғылымдарының докторы, профессор,

әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<