Жастар арасындағы марафон

325

0

Бүгін Қазалыда Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы, жерлесіміз Роза Бағланованың 100 жылдығына орай «Qazaly marathon – 2022» атты марафон жарысы өтті.

Жарысқа қатысушылар 9 шақырымға жүгірді.14-28 жас аралығындағы жастар арасындағы марафонға қазалылықтармен қатар Қызылорда облысының әр түкпірінен келген желаяқтар бақ сынады.

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыстың жеңімпазы аралдық Тұрсын Керімбердиев атанды. Жүлделі екінші орынды қармақшылық Данияр Әбілахатов иеленсе, қола жүлде Қызылорда қаласынан келген Күмісбек Қоңқабаевқа бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтап, қаржылай сыйақыларды табыс етті. Сондай-ақ, алғашқылардың қатарында келген спортшылар «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтарға ие болды.