Жастарға психологиялық кеңес берді

791

0

Қазір қоғамды алаңдатқан мәселе көп. Сол мәселе жеткіншектер мен жастарға қатысты болғанда, елең етеміз. Барлық өркениетті елдер арасында балаға сандық технологиялардан төнген қауіп бір, ол – булинг пен кибербулинг мәселесі. Қазір сала мамандары аталған тақырып төңірегінде жастар мен жеткіншектерге жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы мақсатта Жастар ресурстық орталығының психологы Г.Нетбаева девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне жан-жақты психологиялық кеңес берді.

Қазір әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингті де жаңа деңгейге көтерген. Сол себепті жасөспірімдер арасындағы буллинг кешенді тәсілді қажет ететін мәселеге айналды. Жиында жәсөспірімдерге смартфоннан келетін қауіп туралы кеңінен түсіндіріліп, ондай жағдайды болдырмау, психологиялық қысымға ұшыраған балаларға көмек беру мәселелері кеңінен талқыланды. Себебі, психологиялық қысымға ұшыраған жеткіншектердің суицидке бару жиілігі де жоғарылаған. Аталған мәселелерді болдырмау үшін бала ең алдымен ата-анасымен ашық сөйлесіп, түсіндіруі қажет екені жан-жақты айтылды.

Шара соңында күйзелістің алдын алуға бағытталған психологиялық ойындар ойнатылып, сала мамандары жасөспірімдердің сұрақтарына жауап берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<