Облыстық қоғамдық даму басқармасы тапсырысымен «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үстіміздегі Қызылорда облыстық әкімдігінің 3 қабаты, А блогында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сұхбат алаңы өтті.
Іс-шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы, білім басқармасы, мәдениет және спорт басқармасының қызметкерлері қатысты. Спикер ретінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев , ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Мұрат Ысқақов, Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмасбек Есмаханов қатысты. Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша қолданыстағы бағдарламалық құжаттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша статистиканы ұсыну, мемлекеттік органдардың азаматтар алдында есеп беруін, ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету тетіктері туралы хабардар ету. Шара барысында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру түсіндірілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<