Жеңілдетілген санатқа енгізіледі

620

0

РФ заңнамасының нормалары бойынша зейнетақы алатын Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің 4 мыңнан астам тұрғыны биыл МӘМС жүйесі бойынша ҚР азаматтарының жеңілдікті санаттары қатарына қосылады.

Бұл туралы облыс бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындарымен кездесуі барысында хабарланды.

Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай елді мекендерінде 40 мыңға жуық тұрғын бар. Олардың 13 мыңға жуығы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Бұл – аталған елді мекендер халқының 32%-дан астамы. Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде 4351 тұрғын Ресей заңнамасы бойынша зейнетақы алады. ҚР азаматтарының бұл санатына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет қолжетімді. Оған қоса Ресей Федерациясының медициналық ұйымдарына қаралады.

Қазір бұл азаматтардың мәліметтері ҚР Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесінде болмағандықтан, МӘМС аясында медициналық қызметтерге қол жеткізе алмай отыр. Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шешім жолдарын қарастырып, тиісті жұмыстар жүргізуде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<