Жеңімпаздар марапаты

1573

0

Республика күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауының жеңімпаздары анықталды. Олардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенті Ердәулет Қалиев бар.

Байқау жеңімпаздарына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан диплом табысталды.

 – Эссе байқауы жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, ел тағдырына қатысты сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеуге, шығармашылық әлеуетті жандандыруға, жастардың ұлттық сана-сезімін дамытуға бағытталған. Республика күні қарсаңында байқау жеңімпаздарын жоғары оқу орындарының ректорлары марапаттады. Ал сіздердің жұмыстарыңыз үздіктердің үздігі болып таңдалды. Марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздерге сәттілік пен жетістіктер тілеймін! – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кету керек, Ердәулет Қалиев – Қорқыт ата атындағы Қызылода университетіндегі «Журналистика» мамандығының студенті.

Қоғамдық шараларға белсене қатысатын Ердәулет Сәрсенұлы осы кезге дейін XIV республикалық пәндік олимпиадада – ІІІ орын, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған үздік ғылыми жобалар байқауында – І орын, GoSkiLLz- әлеуметтік желілерге арналған сапалы контент өндіру мен нетворкингке ден қою тәсілдері семинар-тренинг аясында өткізілген байқауда жеңімпаз атанған.

                                              Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<