Жеңіске жеткен Шавкат Рахмонов қазақстандықтарға үндеу жасады

2341

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық аралас стильдегі (ММА) боксшы Шавкат Рахмонов бүгін UFC 296 турнирінде жеңіске жетті. Спортшы отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін спортшы екінші раундта американдық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңді. Осымен Рахмонов өз мансабындағы 18 жекпе-жектің барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

«Ассаламағалейкум, Қазақстан! Кеше өз Отанымда үлкен мереке – Тәуелсіздік күні болды. Сондықтан мен бүкіл елді құттықтағым келеді. Жекпе-жекке келетін болсақ, мен оны жеңгеніме қуаныштымын. Енді титул үшін күресуге лайықтымын деп ойлаймын. Менің келесі қарсыласым бүгінгі чемпиондық жекпе-жекте жеңіске жеткен қарсылас болуы керек», – деді Шавкат Рахмонов.

Айта кетейік, бүгін Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<