Жеті жыл күткен сый: 740 грамм

480

0

Облыстық перинаталдық орталығында қуанышты оқиға орын алды. Берік пен Назеркенің жеті жыл күткен сәбилері бүгін үйіне шығарылды. Назарке Жаппасбаева ЭКО арқылы көтеріп, жүктіліктің 23 аптасында дүниеге қыз бала әкелген. Баланың салмағы туылған кезде 740 гр, бойы қағаз парағының көлеміндей 34 см болған.

Шақалақпен бірге анасы 75 күн бойы ауруханада болды. Оның 51 күні – нәрестелер жансақтау бөлімінде, қалғаны нәрестелер патологиясы бөлімінде өткен.

-Қыз күтетінімді білгенде біз үшін үлкен қуаныш болды. Жүктілік асқынусыз жақсы өтті. Бірақ 23 аптада су кетіп, мерзімінен бұрын толғақ басталып кетті. Салмағы 740 грамм болып, Айданамыз дүниеге келді. Білікті мамандардың, тәжірибелі дәрігерлердің арқасында менің қызым аман қалды. Тілеуімізді берген Жаратқанға шүкіршлік етеміз, – дейді сәбидің анасы.

Шақалақ 2 ай ішінде өсіп, денсаулығы шыныға түскен. Перинаталдық орталықтан шығару кезінде оның салмағы 2000 граммды құрады.

– Бала экстремалды өте төмен дене салмағымен дүниеге келгендіктен, оның жағдайы, тыныс алуы ауыр болды. Анасының құдіретті сезім-махаббаты мен мықты неанотологтар, білікті мамандардың ерекше күтімінің арқасында баланың денсаулығында қазір ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, – деді нәрестелер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Шынар Дастанқызы.

Жыл сайын облыстық перинаталдық орталығында 990 граммға дейін шамамен 70 сәби дүниеге келеді.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<