Жол инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді

452

0

​Бүгін шаһар басшысы Асылбек Шаменов қалада бастау алған жаңа жолдардың құрылыс жұмыстарын бақылады.

​Қала әкімі алдымен Е.Көшербаев көшесінде жүріп жатқан тротуардың құрылыс жұмысымен танысты.
Ұзындығы 3,8 шақырымды құрайтын бұл аяқжолды «Қызылорда жолдары» ЖШС жүргізуде. Бекітілген кесте бойынша ауқымды шаруа маусым айында аяқталуы керек. Осыған байланысты серіктестік директорына жұмыстың мерзімінде және сапалы орындалуы тапсырылды. Күнделікті бақылау жауапты сала – қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне жүктелді.

​Соңғы жылдары қаланың шет аймақтарына басымдық беріліп келеді. Тозығы жеткен электр желілері ауыстырылып, жаңа жолдар мен тротуарлар салынып, халықтың сұранысы қанағаттандырылуда. Соның дәлелі, қазірде КБИ тұрғын ауданындағы 7 көшеге қиыршық тас пен асфальт төселуде. Жалпы ұзындығы 3 шақырымды құрайтын бұл жолдар мамыр айында толығымен жаңаланады. Жұмыс барысын бақылауда қала әкімімен кездескен тұрғындар игілікті істің басталуына алғыстарын жеткізді.

​Бәйтерек тұрғын ауданындағы 7 көшеге де орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды. Бүгінде мердігер мекеме алғашқы көшенің асфальт жабындысын нығыздауды аяқтау кезеңінде тұр. Енді қалған жолдардың негіздеу жұмыстары басталады. Жоспарға сәйкес, жалпы ұзындығы 12 шақырымға жуықтайтын көшелерге асфальт төсеу мамыр айында аяқталады. Қала әкімі Асылбек Шаменов мердігер мекеме басшылығына жұмыстардың бекітілген стандарттарға сәйкес тексеру жұмыстарынан кейін қабылданатынын айтып, сапаны бірінші кезекке қоюды тапсырды.

​Айта кетейік, биыл Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты елді мекендердегі 236 көшеге орташа жөндеу жүргізу, 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін 5,7 млрд. теңге бөлініп отыр. Оның ішінде 99 көшеге асфальт және 137 көшеге тас жол құрылысы жасалынатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<