Жол карталары іс-шараларының уақытылы іске асырылуы пысықталды

188

0

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының және облыстық мәслихаттағы фракция мүшелерінің қатысуымен облыстық партия филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Төрешова Ләйлә Бегалықызының төрағалығымен өткен отырыста «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол карталарының ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысымен орындалу барысы туралы» мәселе қаралды.


«Партия филиалдары жанынан сайлауалды міндеттерді іске асыруға жүйелі бақылауды қамтамасыз ету үшін облыстық және қалалық, аудандық деңгейлерде қоғамдық кеңестер құрылды. 12 бағытта құрылған салалық қеңестер Жол карталарының уақытылы және сапалы жүзеге асырылуына ықпал етуде. Яғни, сайлауалды бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданған. Нәтижесінде, облыс бойынша ауқымды жұмыстар басталып, тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруына әсер ететін күрделі мәселелер шешілуде. Ендігі кезекте біздің міндет Жол карталарында жоспарланған іс-шаралардың уақытылы іске асырылуының тиімді жолдарын қарастыру»-деді жиын төрағасы.


Кеңейтілген отырыс барысында Жол картаның орындалуы мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын шаралар туралы тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен қала, аудан әкімдерінің орынбасарларының хабарламалары тыңдалып, фракция мүшелері оларға өз сауалдарын қойып, Жол карталарын тиімді іске асыру бойынша өз ұсыныстарын айтты.


Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша Жол карталарының 875 іс-шарасының 247-ы орындалды (28,2%), 143-інің (16,3%) мерзімі келмеген, 485-і орындалу үстінде (55,4%).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<