Жылжымайтын мүлікті қалай тексереміз?

739

0

Баспаналы болдыңыз ба? Ал оны қалай заңдастырасыз? Естеріңізде болса жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуді бұрын тек нотариустар арқылы ғана жасап жататынбыз.

Қазір бұл қызметті ХҚО арқылы да рәсімдеуге болады

Еңалдымен ХҚО-ға кезекті брондаңыз;

Брон уақытына сәйкес ХҚО тіркеу бөліміне барып талон алыңыз;

Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;

Реттеу залына өтіп қажетті операторға құжаттарыңызды ұсыныңыз.

ХҚО-ға келесі құжаттарды ала баруыңыз керек:

Жылжымайтын мүліктің меншік құжаттары;

Жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты;

Жер телімі болса, оның сәйкестендіру нөмірі;

Жылжымайтын мүлікке құқылы азаматтардың нотариалды заңдастырылған келісімі;
Некеде болсаңыз, жұбайңыздың нотариалды тіркелген келісімі, некеде болмасаңыз – некеге тұрмағандығы жайлы нотариалдық құжат;

Егер сатушы кәмелет жасына толмаған іске қабілетсіз азамат болса, онда қамқоршы органның жазбаша келісімі;

Келісім-шартты жасау үшін төленген қаражттың төлем түбіртегі.

Мемлекеттік БАЖ салығы 1073 теңгені құрайды.

Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.


Баспана құтты болсын! Іске сәт!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<